Ағымдағы жылдың 6 наурызында Қарағанды индустриялық университетінің спорт кешенінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қыздар арасында фитнестен жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 40 әйел жыныс өкілдері қатысты.
Біздің қыздар үш номинация бойынша күресті. Жарыс өте қарқынды күресте өтті, бірнеше қыз бірдей позицияны иеленді .
Жарыс орындары келесідей бөлінді:
Едендегі Пресс:
1 орын Рахымбай Улдана ТФП-23к-6, Ұбайдулла Медина ТФП-23к-2
2 орын Байдулла Ақниет ТФП-23к-6, Тажикулова Севинч ИСА-23к, Халдарова Дилноза ТФП-23к-4
3 орын Марханова Мерей ТФП-23к-6
Қол тірегіндегі иыққа тигізу:
1орын Туймебаева Галия ТФП-23к-3
2 орын Калдықұл Айдана ТФП-23к-6
3 орын Койлибаева Айгерим ТФП-22к-2
Планка:
1 орын Рахмонова Фариза ТФП-23к-2
2 орын Марханова Мерей ТФП-23к-6
3 орын Тажикулова Севинч ИСА-23к
Жарыс жеңіпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға жарқын және қызықты жарыс үшін рахмет!