«Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мекен-жайы бойынша орналасқан: 100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30.

Қызметінің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады,

Іс-шараның мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби дамуына, сондай-ақ ғылыми әлеуетін дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алуға, оқытуға қажетті жағдайлар жасау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ғылым кандидаты немесе докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының (мүмкіндігінше) болуы;

2) кәсіби жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;

3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент принциптерін, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білу;

4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестицияларды тарту дағдыларының болуы;

5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

6) қазақ және орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін тілдермен білу;

7) ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың (куәліктердің) болғаны дұрыс.

 

Келесі Тұлға конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы барлар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер Тұлға келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген үлгідегі 3х4 үлгідегі түрлі-түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы, оның мазмұны келесілерді қамтуы тиіс:

– университетті дамытудың негізгі бағыттары бойынша 5 жылға арналған пайымы мен миссиясы, университеттің бекітілген құжаттарына сәйкес университеттің құндылықтары мен даму перспективалары және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерге сәйкестігі (мемлекеттік және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары);

– университеттің бекітілген құжаттарды іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсету);

-университет алдында тұрған және (немесе) кездесуі мүмкін негізгі міндеттер және оларды шешу бойынша ұсыныстар (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, шешімдердің үздіксіздігі);

– конкурсқа қатысушы ұсынған университеттің даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

Университеттің даму бағдарламасы презентация түрінде жасалуы керек, оның көлемі Power Point форматында 10 слайдтан аспауы қажет.

5) ғылым кандидаты немесе докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми атағы (бар болса) аттестаттардың көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқаларды ұсыну қажет;

6) жұмыс орны (жұмыс істеп тұрған не соңғысы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру сертификатының көшірмесі.

8) университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (бар болса).

9) №075у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар тапсырылғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 2 мамыр сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ғылым және білім Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары Комитетіне (643 каб.) тапсыру қажет: 8 (7172) 74-27-25, 74-20-38, m.akylbekov@sci.gov.kz .

Жүктеу Хабарландыру

Жүктеу Тәжірбие тізімі