Ғылым апталығы аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы қалалық физика-математикалық олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданы өткізгендер: кафедраның аға оқытушылары Холодова Г.М., Шаяхметова Г.А.
Олимпиадаға №4, №12, №17, №19 орта білім беретін мектеп және Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия, Бірінші Теміртау классикалық лицейі, Т. Әубәкіров атындағы гимназия оқушылары қатысты . Олимпиадада 11-сынып оқушылары пәндік білім мен логикалық көзқарасын талап ететін стандартты емес мәселелерді шешу бойынша өз қабілеттерін аша білді, жоғары білім алуға дайындық деңгейін көрсетті.
__________________