«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫ Ә. БӨКЕЙХАН ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ–МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

«Менің бауырым» студенттік еріктілер жобасы аясында «Жалпы білім беру пәндері кафедрасының» кәсіптік бағдар беру жоспарына сай студенттер Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан гимназиясының 9 сынып оқушыларына «Менің мамандығым–менің болашағым» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Тренинг мақсаты – нәтижелі мақсатқа жету жолындағы жауапкершілікті арттыру, қоғамға пайдалы қызмет етуде бастамашылдық қабілетті дамыту, мамандық таңдауда бағдар беру.