2024 жылы 25-26 сәуір аралығында Павлодар қаласында 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Қарағанды индустриялық университетінен ПИ-22 тобының студенті Үмбетбаев Алтынбек, ПИ-21 тобының студенттері Плотников Сергей және Каландей Богдан, команда жетекшісі – ЖИТ кафедрасының аға оқытушысы Титова Жанна Ивановна қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Мәліметтер қоры» және «Компьютерлік желілер» пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берді, екінші кезеңде есептерді шешуге арналған бағдарламаларды жазу керек болды. Студенттеріміз өз деңгейлерінде жақсы нәтиже көрсетті. Барлық қатысушылар арасында «Мәліметтер қоры» пәні бойынша Үмбетбаев Алтынбек ең көп ұпай жинады. Қатысушыларымызға алғыс білдіреміз және оларға жаңа табыстар тілейміз!
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
