Шетелдік студенттерге арналған іс-шаралар

- Студенттерді кураторлармен, аудиториялармен және жатақханалармен таныстыру;

- Университеттің зертханалары, кітапханасы, кітапхана қорымен таныстыру, университет тарихына экскурсия жасау, «ҚарИУ» КеАҚ мұражайына саяхат;

- Шетелдік студенттерге визалық қолдау көрсету, шетелдік студенттерге студенттік визаларды ашуға шақыру беру. (жыл бойы);

-eQonaq.kz бағдарламасына басқа елдердің азаматтарын уақытша тіркеу, студент болып табылатын Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелу және студенттерді университет жатақханаларына уақытша тіркеу (Жыл бойы).

Тілді игеруге қолдау көрсету сабақтары/тілдік құзыреттілік курстары

- Оқу жылы ішінде шетел студенттерінің, Қазақстан Республикасының Оңтүстік және Батыс аймақтарының студенттерінің, магистранттарының тілдік құзыреттіліктерін арттыру мақсатында Құзыреттілікті дамыту орталығында ағылшын тілінде А2 деңгейінде және орыс тілінде А1 деңгейінде тіл курстары ұйымдастырылып, өткізіледі.  Докторантураға түсетіндер мен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатындар үшін де жылына екі рет тілдік дайындық курстары ұйымдастырылады. Оқу аяқталғаннан кейін студенттерге сертификаттар беріледі.

Шетелдік студенттерге көмек көрсету шаралары

- жеке биометриялық деректер базасына тіркелу үшін Көші-қон қызметіне студенттерді алып жүру (бір жыл ішінде);

- Көші-қон қызметі, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу (жыл бойы).

- Шетелдік студенттермен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы ӘҚБтК-нің 517, 518, 519-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы таныстыру және түсіндіру жұмыстары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістермен таныстыру (Жыл бойы);

- Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;

- eGov mobile электронды үкімет порталымен, ҚарИУ веб-сайтымен жұмыс істеу үшін студенттерге ақпараттық көмек көрсету;

- 2024 жылдан бастап «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабының 3-тармағы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 518-бабының 1-тармағына сәйкес 2024 жылдан бастап нормативтік құқықтық актілерді бұзу көші-қон саласындағы уәкілетті органдармен шараларды қолдануға әкеп соғады..

Халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабының 1 517 519 тармағындағы шетел азаматы елге келген кезде үш күн ішінде Студенттерге қызмет көрсету орталығында (бас ғимарат, 229-кабинет) тіркелуі қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығатын шетел азаматы Қазақстан Республикасынан кету және келу туралы Студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысына хабарлауға міндетті. Шетелдік азаматтарды тіркеу журналында тіркелу шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде де, Қазақстан Республикасынан шыққан кезде де қажет.

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының, 31-бабының 3-тармағының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарын бұзған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-тармағы, 517,519-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласында айыппұл салу немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу қарастырылған.