ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ АЛАШ ИДЕЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

5 маусымда “Jastar Talks” жобасы аясында ҚарИУ-да студенттердің тарихшы-зерттеуші Әділет Жағыпармен кездесуі өтті. Алаш идеясы негізінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу қағидаттары талқылаудың лейтмотиві болды. Іс-шара “Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы” КММ қолдауымен өтті.