ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АЯСЫНДА 5 ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖЕҢІП АЛДЫ

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті өткізген 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары әзірлеген 5 ғылыми жоба қаржыландыруға мақұлданды.

1) AP23485002 «Кондициялық емес техногендік шикізатты қолдана отырып, кремнийлі ферроқорытпаларды балқыту технологиясын әзірлеу» (жоба жетекшісі – PhD, «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі Ержанов Алмас Сатыбалдыевич);

2) АР23490490 «Темірді сутегі газымен селективті тотықсыздандыра отырып, Қазақстанның кондициялық емес темір-марганец кендерінен жоғары марганецті қождарды алу мүмкіндігін зерттеу» (жоба жетекшісі – техника ғылымдарының докторы, профессор Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич);

3) АР22786668 «Металлургиялық және кремний өндірісінің қалдықтары негізінде жақсартылған физика-механикалық сипаттамалары бар тұрақты асфальтбетон алудың ғылыми негіздері (жоба жетекшісі – PhD, ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры – Кунаев Вячеслав Александрович;

4) АР22685917 «Марганец пен хром негізіндегі кремний – алюминий қорытпаларының балқыту процесін термодинамикалық модельдеу» (жоба жетекшісі – постдокторант Ерекеева Гауһар Сарсенғалиқызы);

5) AP22683270 «Кондициялық емес темір-марганец құрамды шикізатты қолдана отырып, марганец ферроқорытпаларын балқыту технологиясын әзірлеу» (жоба жетекшісі – постдокторант Ахметов Бегзат Айткенович).

Жобаларды 3 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі 418,6 миллион теңгені құрайды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауының арқасында соңғы 3 жылда біздің оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта ҚарИУ қызметкерлері жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын гранттық қаржыландырудың 22 ғылыми жобасын іске асыруда.

Қарағанды индустриялық университеті ғалымдарының ұтып алған ғылыми жобаларының тақырыптары негізінен өндіріс салаларындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдарын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Просмотров: 117