02.09.2024 ж. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауына ректордың қолдауы

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басты аспектілерінің бірі-атом электр станциясын салу мәселесі бойынша алдағы референдум. Қ. К. Тоқаев атап өткендей, бүгінде Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздерін қамтамасыз ету қажеттілігінің алдында тұр, ал атом энергетикасы бұл мәселеде шешуші шешімдердің бірі болып табылады. Мұндай стратегиялық шешімдер қабылдау қоғамның белсенді қатысуын талап ететінін түсіну маңызды, ал алдағы референдум осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады. Бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының принципі. Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек.

Басқарма төрағасы-ҚарИУ ректоры Б. А. Жаутиков