СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

4 қыркүйекте ҚарИУ-да студенттік басқару органдарының өкілдері диалог алаңын өткізді, онда Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мақсаттар мен міндеттерді талқылады. Өз сөзінде студенттік омбудсмен Нұрсұлтан Қалмырза студенттер алдағы реформалар үшін өз жауапкершіліктерін сезінетінін және ортақ іске өз үлестерін қосуға барынша күш салуға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, болашақ дипломды мамандар Мемлекет басшысының бастамасын және АЭС салу бойынша референдум өткізуді қолдады.