ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ БАРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 қыркүйекте ҚарИУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты Жолдаудың негізгі бағыттарымен, оның мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру болды. Кураторлық сағаттың соңында оның қатысушылары жастарды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді тартудың маңыздылығын атап өтіп, жаңа сынақтарға дайын екендіктерін білдірді.