4 қыркүйекте ғылыми кеңесте ҚарИУ ұжымы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін университет ректоры Б.А. Жаутиков атап өтті. 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау мемлекеттің еңбек мамандықтарының беделін арттыруға бағытталғанын көрсетеді, бұл өз кезегінде бәсекеге қабілетті экономика құрудың негізі болып табылады. Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Г.А. Сивякова өз сөзінде атап өткендей, университеттің негізгі міндеті білікті кадрларды сапалы даярлау болып қала береді.