ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПТЕР ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АЙТЫЛДЫ

13 қыркүйекте ҚарИУ-да "Қарағанды облысының дін мәселелері бойынша қыздар арасында ақпараттық-ағарту қызметін ұйымдастыру және өткізу" жобасын іске асыру аясында "Интернеттегі күмәнді сайттардың қауіптілігін түсіндіру" тақырыбында ақпараттық-ағартушылық әңгіме өтті. Әңгіме барысында діни бірегейлікке қатысты көптеген тақырыптар, сондай-ақ зайырлылық ұғымдары мен толеранттылық принциптеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Кездесу барысында қатысушылар зайырлылық тақырыбына байланысты сұрақтар қойды, сондай-ақ интернет арқылы таралатын радикализмнен қорғау тәсілдерін, радикалды идеологияны қалай ажыратуға болатынын қызықтырды. Спикер ретінде ҚР МАМ КДР Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нурмиева Р.М. сөз сөйледі. Іс-шараға 20 студент қатысты.