Докторлық диссертацияны қорғау туралы
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жанынан құрылған 8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D070900 (8D07202) – «Металлургия» («Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызының «Бьеррум-Гуггенгейм тұжырымдамасы негізінде күрделі ферроқорытпаларды алудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін Fe-Si-Al-Mn-Cr жүйесінің құрылымдық күйінің физика-химиялық моделін құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Металлургиялық балқымалар» зертханасында орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ, Теміртау қ., Қазақстан;
- Толоконникова Вера Владимировна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Физика-химия және ілеспе элементтер технологиясы» зертханасының меңгерушісі, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты, Қарағанды қ., Қазақстан;
- Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, «Болат және ферроқорытпа» зертханасы, «РҒА Орал бөлімінің металлургия институты» ФМБҒМ, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
- Колесников Александр Сергеевич - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының профессоры, докторанттың зерттеулері саласында 5- тен астам ғылыми жарияланымдары бар, Шымкент қ., Қазақстан.
- Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісінің м.а., докторанттың зерттеулері саласында 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар, Қарағанды қ., Қазақстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Капелюшин Юрий Евгеньевич – PhD, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Қайта пайдалануға болатын зымыран-тасығыштардың қозғалтқыш қондырғыларының физика-химия және газдинамика мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, 6D070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 4 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 4, Scopus = 5, Челябинск қ., Ресей Федерациясы.
- Абдулина Сауле Амангельдыевна – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның 6B07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының жетекшісі, 6D070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 2, Scopus = 4, Өскемен қ., Қазақстан.
- Аринова Сания Каскатаевна - философия докторы (PhD), "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнология және металлургия"кафедрасының оқытушысы. 6D070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 3, Scopus = 2. Қарағанды қ., Қазақстан.
Қорғау 2024 жылғы 08 қарашада, сағат 10-00-де, 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 мекен-жайында өтеді. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның Жаңа ғимараты Н-201 ауд.
Ғалым хатшы: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ержанов А.С.,
e-mail: 6D070900@tttu.edu.kz
тел.: +7 (7dissertaciyani қorғau zhөnindegi zhәne pisiқtalғan dissertaciyaliқ zhұmisti talқilau boyinsha (қazhet bolғanda) dissertaciyaliқ keңes otirisiniң tөraғa men ғalim xatshi қol қoyғan xattamasi, 08.11.2024zh.47) 131 21 83
Zoom конференция:
https://zoom.us/j/91526043130?pwd=G28FVKG2XAYixXaDLUYBlXYKQG9dKA.1
Конференция идентификаторы: 915 2604 3130
Кіру коды: 081124
⇓ Аңдатпа
⇓ Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Нурумгалиев А.Х.
⇓ Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Толоконникова В.В.
⇓ Шетелдік ғылыми консультанттың пікірі _Заякин О.В.
⇓ Ресми рецензент Аубакиров Д.Р. жазбаша пікірі
⇓ Ресми рецензент Колесников А.С. жазбаша пікірі
⇓ Диссертацияны қорғауға қабылдау туралы хаттама (30.09.2024 ж. Хаттама №1)
⇓ Диссертацияны қорғау бойынша Диссертациялық Кеңес Қорытындысы