7 қарашада Астанада Корпоративтік басқару бойынша Ұлттық форум өтті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңес пен «Qazaq Independent Directors» Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының бастамасымен «Білім берудегі корпоративтік басқару: тәжірибе және перспективалар» атты ұлттық форумы өткізілді. Корпоративтік басқару саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар, бизнес жетекшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің өкілдері бір алаңға жиналды. Форумға сондай-ақ «ҚарИУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов және корпоративтік хатшы Рымгүл Қуатқызы Жаслан қатысты.

Биылғы форумның басты тақырыбы: «Корпоративтік басқару – Қазақстан Республикасының экономикасын ырықтандырудың императиві». Форумның пленарлық отырыстары келесі мәселелерге арналды: «Қазақстан Республикасының корпоративтік басқаруындағы өзекті міндеттер» және «Корпоративтік басқару ұзақ мерзімді табыс формуласы ретінде». Сонымен қатар, қатысушылар аудиторлық компаниялардың, қаржы институттарының және даму қорларының жетекші мамандарының төрт панельдік талқылауына, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың интерактивті шеберлік сабақтарына қатысты.

Форум барлық мүдделі тараптарға корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерін талқылауға және оның озық тәжірибесін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік жасауға арналған.