ҚарИУ оқытушылары мен студенттері «Үздік ғылыми жұмыс» ғылыми-педагогикалық мекемелер арасындағы халықаралық зерттеу байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Analysis and modeling of a photovoltaic system at a solar power plant in Surubi, Afghanistan» атты ғылыми еңбегі 2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында (Қазақстан) өткен байқаудың жеңімпазы атанды.
Жұмыстың авторлары: экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гельманова Зоя Салиховна; докторант Батырбек Әлібек Есімбекұлы; магистрант Файез Вазани Абдул Валид. Бұл жұмыс Суробидегі (Ауғанстан) күн электр станциясындағы фотоэлектрлік жүйені талдауға және модельдеуге арналған. Зерттеу инновациялық көзқарасы, өзектілігі және ғылыми маңыздылығы үшін жоғары бағаланды.
Қарағанды индустриялық университеті Қазақстанның атынан халықаралық аренада өнер көрсете отырып, ғылым мен технологияның дамуына үлес қосатын өз оқытушылары мен студенттерінің жетістіктерімен мақтанады.
Просмотров: 29