Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны

25.12.2024 жылғы №8/24 хаттама, күндізгі

Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері

  1. Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы - «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім академиясының Президенті.
  2. Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
  3. Жаутиков Бахыт Ахатұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры.
  4. Быков Владимир Анатольевич - Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚР Жеке кәсіпкерлікті дамыту және жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Тәуелсіз директор (келісім бойынша).

Қаралған мәселелер:

  1. 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде қаражатты пайдаланудың дұрыстығы бойынша ІАҚ тексеру жүргізу нәтижелері туралы.
  2. Директорлар кеңесі Комитеттерінің 2024 жылғы жұмысы туралы.
  3. «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның 2024 жылға арналған даму жоспарын нақтылау туралы.
  4. «Қарағанды индустриялық университеті» 2025-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту.
  5. «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту (2025 жыл бөлігінде).
  6. 2024 жылға арналған «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның төлем мөлшерін айқындау туралы.
  7. 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің, басқармасының, бас бухгалтерінің, Ішкі аудит қызметінің, корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы. Марапаттау мәселелері.
  8. «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

 

Шақырылғандар:

  1. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова М.Х.;
  2. Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Г. А. Сивякова.
  3. Басқарма мүшесі-Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.Б. Махмутов
  4. Бас бухгалтер Н.Е.Жамантаева