6В07103 - «Материалтану және материалдар технологиясы»
Болашақ бакалаврлар материалдардың құрылымы, қасиеттері және әртүрлі әсерлер кезіндегі құлқын зерттейді. Оқу барысында олар материалдардың қасиеттерін аналитикалық бақылау әдістерін, заманауи өлшеу және зерттеу аспаптарымен жұмыс істеуді меңгереді, сондай-ақ физикалық, химиялық және механикалық сынақтар үшін үлгілерді дайындау дағдыларын игереді.
Студенттер металлдар, полимерлер, керамика, композициялық және жаңа функционалдық материалдарды алудың және өңдеудің технологияларын, сондай-ақ олардың беріктігін, коррозияға төзімділігін және басқа да пайдалану сипаттамаларын арттыру әдістерін оқып үйренеді. Материалдарды заманауи диагностикалау, сапасын бақылау және стандарттау әдістеріне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, студенттер материалдарды өңдеу технологиялық үдерістерін жобалау, олардың құрылымын модификациялау негіздерімен танысады және материалдардың қасиеттерін компьютерлік модельдеу мәселелерін зерттейді.
ОҚЫТУ ТҮРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ
4 жыл - жалпы орта білім базасында
2,5 жыл - техникалық және кәсіптік білім беру базасында
2,5 жыл - жоғары білім базасында
Сіз қандай маман боласыз?
- Материалдар және технологиялар бойынша инженер;
- Жаңа материалдарды әзірлеу жөніндегі маман;
- Материалдар мен өнім сапасын бақылау жөніндегі маман;
- Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда ғылыми қызметкер;
- Материалдарды сертификаттау және стандарттау жөніндегі инженер.
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮЛЕСІ – 89%
БЕЙІНДІК ПӘНДЕР:
Математика (min 5 балл)
Физика (min 5 балл)
БАЙЛАНЫСТАР:
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ:
Facebook - https://clck.ru/UtBGF
Instagram - https://clck.ru/UtBH8
ВКонтакте - https://clck.ru/UtBHY
ҚарИУ-ға қалай жетуге болады
https://maps.app.goo.gl/WheVE78uPZZR93kd8
ҚР Теміртау қ., Республика даңғ., 30. Бас ғимарат, каб. 117, 119
Қазақстан, Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
Республика даңғылы, 30
101400
Жұмыс тел.:
8 7213 91 42 34
8 7213 91-65-61
Ұялы тел.:
8-701-430-64-14
8-700-569-06-47
WhatsApp: 8-701-430-64-14