2025 жылғы 23 маусымда (дүйсенбі) сағат 14:00-де Н-201 ауд. 8D07202 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» білім беру бағдарламасының докторантура түлегі Попов Федор Евгеньевичтің «Ядролық энергетикада пайдалану үшін дисперсті-арматураланған болатты алу технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылау бойынша «Металлургия және материалтану» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.
Диссертация «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасының базасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Отандық ғылыми кеңесші:
Арбуз Александр Сергеевич - философия докторы (PhD), «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Jan Neethling - философия докторы (PhD), профессор, жоғары ажыратымдылықтағы электронды микроскопия орталығының (CHRTEM) директоры (Nelson Mandela University, Порт-Элизабет қ., ОАР).
