ҚАРИУ-ҒА АЛҒАШҚЫ АЗЕРБАЙЖАНДЫҚ АБИТУРИЕНТ ҚАБЫЛДАНДЫ

2025 жылғы 23 маусымда Қарағанды индустриялық университеті биылғы оқу жылының алғашқы талапкерін қабылдады. Ерекше атап өтерлігі, бұл талапкер — Азербайжан азаматы Абдуллазаде Махаммад Асим оглы. Ол білім алуға «Бағдарламалық  инженерия» білім беру бағдарламасын таңдады.

Бұл оқиға университеттің халықаралық ынтымақтастығының, әсіресе Қазақстан мен Азирбайжан арасындағы білім беру байланыстарының кеңеюінің жарқын дәлелі болды. 2025 жылғы наурызда ҚарИУ Әзірбайжанның үш жетекші университетімен: Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан техникалық университеті және Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Келісімдер студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды, ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуді және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуды көздейді.

Алғашқы азербайжандық студенттің ҚарИУ-ға қабылдануы — осы келісімдердің нақты нәтижесі ғана емес, сонымен қатар білім арқылы елдер арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады. ҚарИУ дарынды жастарды қабылдауға әрдайым ашық және даму, инновация мен кәсібилікке бағытталған көпұлтты студенттік қауымдастық құруға ұмтылады.