Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны

04.07.2025 жылғы №4 хаттама, күндізгі

 

Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері

  1. Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім беру академиясының президенті.
  2. Жаутиков Бахыт Ахатұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
  3. Быков Владимир Анатольевич – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры (келісім бойынша).
  4. Зияшева Айжан Қанатқызы – «Qarmet» АҚ-ның оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).

 

Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің мәні бойынша жазбаша пікірді Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков ұсынды.

Қаралған мәселелер:

  1. «Қарағанды индустриалдық университеті» КЕАҚ-тың 2024 жылға арналған жылдық есебін бекіту туралы.
  2. «Қарағанды индустриалдық университеті» КЕАҚ-тың 2024 жылға арналған Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
  3. Қарағанды индустриалдық университеті» КЕАҚ омбудсменінің жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  4. 2024 жылдың қорытындылары бойынша «Қарағанды индустриалдық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Бас бухгалтердің, Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс-офицердің, Корпоративтік хатшының қызметіне баға беру. Сыйақы төлеу мәселелері.

 

Шақырылғандар:

  1. ҚарИУ КеАҚ Омбудсмені — Даирбекова Г.С.
  2. Бас бухгалтердің міндетін атқарушы — Смыкова А.Н.