ҚАРИУ СТУДЕНТІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ҮКІМЕТІНІҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Қарағанды индустриялық университетінің студенті Байқожа Айжан Оңтүстік Корея Республикасының үкіметі ұсынатын халықаралық Global Korea Scholarship (GKS) стипендиялық бағдарламасының грантын жеңіп алғанын зор мақтанышпен хабарлайды.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткен Байқожа Айжан GKS академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың күзгі семестріне Kyungsung University (Пусан қ., Оңтүстік Корея) университетінде білім алуға мүмкіндік алды.

GKS бағдарламасы шетелдік студенттерге Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға, көкжиегін кеңейтуге, елдің мәдениеті және білім беру жүйесімен тереңірек танысуға бірегей мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде студентке екі жаққа ұшақ билеттерінің құны мен ай сайынғы тұру шығындары толық өтеледі.

Қарағанды индустриялық университеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, шетелдік серіктестерімен академиялық байланысты нығайта отырып, өз студенттерінің әлемдік деңгейде университет абыройын лайықты танытып жүргеніне ерекше қуанады.

Байқожа Айжанды бұл лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда сәттілік, жаңа білім мен жарқын әсерлер тілейміз!

blank
blank