
Шетел азаматтары үшін оқуға өтінім беру нысаны
Шетелдік азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тегін оқу мүмкіндіктері туралы ақпаратты ресми сайттан тексеруге болады https://tttu.edu.kz және телеграмм боттан https://t.me/KaragandynskyIU_bot.
Шетелдік азаматтарды ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бүкіл күнтізбелік жыл бойы осы ұйымдардың қабылдау комиссиялары жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік азаматтарды оқуға қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес, келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20 шілде – 25 тамыз
Әңгімелесу уақыты: 20 – 25 тамыз
Оқуға қабылдау күні: 25, 28 тамыз
