2025 жылдың 25 қыркүйегінде Ташкент қаласында, Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің жанындағы Ұлттық жаңартылатын энергия көздері ғылыми-зерттеу институтының базасында әлем мен Өзбекстандағы төмен көміртекті дамудың жаңа көкжиектеріне арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.
Конференция аясында «Төмен көміртекті энергетиканы дамытуға арналған жоғары кернеулі тұрақты ток желілері (HVDC): Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады Қарағанды индустриялық университетінің ректоры, профессор Жаутиков Бахыт Ахатович.
HVDC технологиялары тек Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Қытай сияқты бүкіл аймақтың тұрақты энергетикалық болашағының негізі болып табылады.
Іс-шара барысында Қарағанды индустриялық университеті мен Ұлттық ЖИИ ЖЭК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың ғылым, жоғары білім және энергетикалық салаға кадрлар даярлау саласында ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ұмтылысын бекітеді.
Меморандум мыналарды қарастырады:
- студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылардың академиялық алмасуы;
бірлескен лекциялар, семинарлар, тағылымдамалар және біліктілікті арттыру курстарын өткізу;
қос дипломды қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
басым бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
конференциялар, симпозиумдар және жарияланымдарды ұйымдастыру;
халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
Бұл бастама Қарағанды индустриялық университетінің халықаралық ғылыми-білім кеңістігін дамытуға белсенді қатысын айқындайды және энергетика мен инновациялар саласындағы шекаралық ынтымақтастықты қалыптастырудағы оның стратегиялық рөлін растайды.


