2025 жылғы 10 қарашада Қарағанды индустриялық университетінде ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі жаңа проректор – PhD Кенжалиев Олжас Бақдәулетұлы таныстырылды. Оның кандидатурасы үш лайықты үміткердің ішінен Директорлар кеңесімен таңдалды.

Проректорды университет ректоры Жаутиков Бахыт Ахатұлы таныстырып, Олжас Бақдәулетұлы өзіне артылған сенімді ақтап, университеттің одан әрі дамуы мен өңір мен ел кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға бар күшін салады деген сенім білдірді.
Кенжалиев Олжас Бақдәулетұлы 1989 жылғы 10 қарашада дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ), Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) түлегі, сондай-ақ АҚШ-тағы George Washington University және Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де білім алған.
Олжас Бақдәулетұлының кәсіби қызметі ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту саласымен тығыз байланысты. Ол «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «BRIMAN» оқу орталығында жұмыс істеген, сондай-ақ осы уақытқа дейін «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Ғылым және инновациялар» секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
Кең ауқымды академиялық және басқарушылық тәжірибесі, сондай-ақ үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін меңгеруі Олжас Бақдәулетұлына жүктелген міндеттерді тиімді орындап, Қарағанды индустриялық университетінің ғылыми және халықаралық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Университет басшылығы мен ұжымы Олжас Бақдәулетұлына жаңа, жауапты қызметінде табыс, жемісті еңбек, шабыт және қойылған мақсаттарға жетуді тіледі.


