Көрмеде ұсынылған материалдар:
пәндердің жаңартылған оқу бағдарламалары;
оқытушылардың әдістемелік әзірлемелері;
зертханалық және практикалық оқу құралдары;
цифрлық білім беру ресурстары мен интерактивті материалдар;
инновациялық жобалар мен демонстрациялық стендтер.
Көрменің мақсаты — озық тәжірибелермен бөлісу, қазіргі заманғы оқыту әдістерін талқылау, жаңа материалдарды таныстыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
«Энергетика» кафедрасы, Қарағанды индустриялық университеті
Әдістемелік апта бойы
107-Н аудиториясында өтетін көрмеге оқытушыларды, студенттерді және барлық қызығушылық танытқандарды шақырамыз!
