Мерекелі әрі мазмұнды шараның негізгі сарапшысы және спикері — Камарова Сауле Нұртазаевна, PhD, «Энергетика» кафедрасының доценті, жаһандық энергетикалық көшу саласының зерттеушісі және жас инженерлердің тәлімгері болды.
Тренинг мақсаты — қатысушыларға энергетиканың болашақ бейнесін көрсету ғана емес, әр студент пен педагогтың осы өзгерістің бір бөлігі бола алатынын сезіндіру:
•әлемдік және ұлттық энергетикадағы маңызды трендтерді түсіну;
•жасыл және төменкөміртекті технологиялармен танысу;
•Қазақстанның энергетикалық трансформациясындағы жастардың рөлін айқындау;
•университет базасындағы NextGen Energy жобасының мүмкіндіктері туралы білу;
•болашақ мамандардың кәсіби дамуына бағытталған жаңа көкжиектерді көру.
Тренинг барысында талқыланған негізгі тақырыптар мен трендтер:
Қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесін арттыру;
Энергетикалық нысандарды цифрландыру және автоматтандыру;
Көлік пен өндірісті электрлендіру;
Сутек энергетикасының даму перспективалары;
«Ақылды желілер» технологияларын енгізу және Smart Grids мүмкіндіктері;
Сандық егіздер мен энергоаудит — болашақ энергетиктің базалық құзыреттері.
Шара қатысушылары NextGen энергетика маманына тән заманауи құзыреттер картасымен танысты. Бұл картаның басты ерекшелігі — тек теориялық білім ғана емес, деректерді талдау, энерготиімділік, жобалық ойлау және нақты қолданбалы дағдыларды дамытуға басымдық берілуі.
Тренинг еркін әрі күрделі сұрақтарымен, ашық пікірталастарымен ерекшеленді. Мұнда білім тексеру ғана емес, студенттердің және педагогтардың жаһандық өзгерістерге қатысу сезімін қалыптастыру маңызды орын алды. Қатысушылар ой бөлісті, идея таластырды, салыстырды және жаңа инженерлік шешімдерді бірге іздеді.
Бұл тренинг:
шабыт кеңістігі,
мәнді диалог алаңы,
⚡ энергетикалық тәуелсіздік пен болашақ алдындағы жауапкершілікті сезіну платформасы болды.
Бүгінгі аудиторияда жаңа үн жаңғырды: энергөтрансформация — ол ортақ іс, ал болашақтың инженері — жүйелі ойлайтын және бүгін әрекет ететін тұлға.
Бұл тек тренинг емес — әрекетке шақыру. Әр студент пен педагог энергияның болашағын оқу, зерттеу және нақты инженерлік жобалар арқылы жасай алады.
NextGen Energy — бұл жаңаша ойлайтын, жаңа технологияны жасайтын және елдің тұрақты энергожүйесін құруға дайын адамдар энергиясы.
Болашақ аудиторияда басталады, инженерлер қолымен жасалады!

