01.12.2025 жылғы №6 хаттама, күндізгі

Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны

01.12.2025 жылғы №6 хаттама, күндізгі

Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері

  1. Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім беру академиясының президенті.
  2. Жүсіпов Арман Нұртайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментінің құқықтық жұмыс басқармасының басшысы.
  3. Жаутиков Бахыт Ахатұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
  4. Быков Владимир Анатольевич – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры (келісім бойынша).

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша пікірлер Директорлар кеңесінің мүшелері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Тынысбеков Бауыржан Асқарұлынан және «Qarmet» АҚ кадрларды оқыту, дамыту және іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша) Зияшева Айжан Қанатқызынан ұсынылды.

Қаралған мәселелер:

  1. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-тың 2025–2029 жылдарға арналған Даму жоспарына 2025 жылдың екінші жартыжылдығына қатысты жартыжылдық нақтылауын бекіту.
  2. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-тың 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық ұйым қызметтеріне төлем мөлшерін айқындау және аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгiлеу үшін Жалғыз акционерге ұсыныс беру.
  3. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-тың 2024 жылға арналған даму жоспарының орындалуын бағалау.

Шақырылғандар:

  1. Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна;
  2. Ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова Майра Хомаровна.
  3. Бас бухгалтердің орынбасары – Смыкова Асем Нүркенқызы.