IV Республиканская научно-практическая конференция молодых ученых и студентов, посвященная 20-летию со дня открытия магистратуры в Республике Казахстан, на тему «Миссия молодежи в науке Республики Казахстан» | | «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 [kk]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

2014 жылдың 13-14 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасында магистратураның ашылуына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Дөңгелек үстел:

«Қазақстан Республикасы ғылымындағы ЖОО кейінгі білім берудің рөлі мен болашағы»

Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

—       Физика-математика және техникалық;

—       Химия және биология;

—       Экология және география;

—       Тарих;

—       Құқық және философия;

—       Экономика;

—       Филология;

—       Психология және педагогика.

Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулері бойынша маңызды нәтижелері бар ғылыми жетекшілерінің ұсынымы бойынша жас ғалымдар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушылары шақырылады.

 

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

—       белгіленген үлгі бойынша қатысуға  өтінім;

—       ғылыми жетекшінің ұсыным – рецензиясы;

—       төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала;

—       ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесін (тек баяндаманың конференция бағдарламасына енгізілгені туралы ақпараттан кейін ғана).

 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ

 

Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 4-5 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта  қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі: негізгі мәтін – 14 шрифтпен (кестелер, суреттер, графиктер атаулары 10 шрифтпен), аралық интервалы – 1, азат жол – 0,7 см. Жиектері: сол жағы – 20 мм, оң жағы – 17 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары – 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін майлы (жуан) кіші әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына — бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.

Жұмыстарды қабылдау:

 

Басқа ұйымдар студенттері мен жас ғалымдары үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_vkgu@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Назаров ҚазҰУ өтінім; Назаров ҚазҰУ мақала, Назаров ҚазҰУ төлемақы.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен жас ғалымдары үшін: мақала мәтінінің қағаз нұсқасының бір данасы (беттер саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасы  Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаздағы және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге (бір мақала үшін) көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі  181800014976; ИИК KZ16319B010000333860,  БИК ABKZKZKX, БИН  990240007414, КБЕ 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ 

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

«Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қатысушының

САУАЛНАМА – ӨТІНІМІ

 

Автор (лар)

Ғылыми жетекші

Тегі    
Аты    
Әкесінің аты    
ЖОО (Факультет пен кафедраны толық көрсету)    
Автор: курс, мамандығы (шифрымен);

Ғылыми жетекші: лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы

   
Индекс, қала, көшесі, үй, пәтер (материалдар жинағын жіберу үшін)  
Байланыс телефоны  
E–mail  
Баяндама атауы  
Бағыт атауы  
Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)  
Университет қонақ үйінде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)    

Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.

[/kk] [ru]

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.АМАНЖОЛОВА

13-14 ноября 2014 г. Восточно-Казахстанский государственный университет имени Сарсена Аманжолова проводит IV Республиканскую научно-практическую конференцию молодых ученых и студентов, посвященную 20-летию со дня открытия магистратуры в Республике Казахстан, на тему «Миссия молодежи в науке Республики Казахстан».

Круглый стол:

«Роль и перспективы развития послевузовского образования в науке Республики Казахстан»

 

Конференция будет проводиться по следующим направлениям:

—       Физико-математическое и техническое;

—       Химико-биологическое;

—       Эколого-географическое;

—       Историческое;

—       Правовое и философское;

—       Экономическое;

—       Филологическое;

—       Психолого-педагогическое.

 

Для участия в работе конференции приглашаются молодые ученые, магистранты, студенты вузов и учащиеся колледжей, имеющие значительные результаты научных исследований по рекомендации научных руководителей.

 

Рабочие языки конференции: казахский, русский, английский.

Желающих принять участие в работе конференции просим с 10 сентября до 15 октября 2014 г. представить в организационный комитет:

— заявку на участие по прилагаемой форме;

— рецензию-рекомендацию научного руководителя;

— статью, оформленную по приведенным ниже требованиям;

— копию документа, подтверждающего оплату оргвзноса (только после подтверждения о включении доклада в программу конференции).

 

ТРЕБОВАНИЯ К ОФОРМЛЕНИЮ СТАТЬИ

 

Доклады принимаются в виде статей объемом не более 4-5 страниц формата А4 (210-297 мм) на бумажном носителе, включая рисунки, графики, таблицы. Набор осуществляется в редакторе Microsoft Word шрифтом Times New Roman (KZ Times New Roman): основной текст — размером шрифта 14 (подписи таблиц, рисунков, графиков 10 шрифтом) через 1 интервал, красная строка – 0,7 см. Поля: левое поле -20 мм, правое — 17 мм, верхнее и нижнее — 20 мм. Наверху слева пишется УДК, ниже через строку по центру фамилии авторов и инициалы жирными строчными буквами (первым указать автора, затем научного руководителя), на следующей строке по центру – строчными буквами организацию, в которой выполнена работа и город, далее через строку – по центру название доклада прописными буквами, далее через строку — текст доклада. В докладе используются только маркеры в виде черточки, а нумерация в виде арабской цифры со скобкой. Обязательно указать список литературы (сноски на них в квадратных скобках). Список литературы указывается после основного текста через строку.

Ответственность за содержание статьи несет автор. Материалы, предоставленные позднее указанного срока или не соответствующие требованиям, не рассматриваются. Оргкомитет конференции оставляет за собой право отбора материалов для публикации.

Работы принимаются:

 

Для студентов и молодых ученых со сторонних организаций: Электронный вариант предоставляется по электронной почте Оргкомитета konfer_vkgu@mail.ru. В электронном варианте заявку, статью и копию документов об оплате представляют отдельными файлами. В имени файлов указывают фамилию первого автора, сокращенное название организации и наименование документа, например: Назаров КазНУ заявка, Назаров КазНУ статья, Назаров КазНУ оплата.

Для студентов и молодых ученых ВКГУ имени С.Аманжолова: Текст статьи предоставляется в оргкомитет в одном экземпляре на бумажном носителе с хорошим качеством печати (без указания номеров страниц) и в электронном варианте на CD диске. Бумажные и электронные варианты статьи должны быть идентичными.

Материалы конференции будут опубликованы в виде сборника.

Организационный взнос за участие в конференции и публикацию статьи в сборнике в размере 3000 тенге (за один доклад) перечислять на счет по банковским реквизитам с обязательной пометкой «За участие в работе конференции «Миссия молодежи в науке Республики Казахстан»: ВКО филиал АО «БТА банк» РНН 181800014976, ИИК KZ16319B010000333860, БИК ABKZKZKX, БИН  990240007414, КБЕ 16: РГП ПХВ «ВКГУ им. С. Аманжолова».

 

АДРЕС ОРГКОМИТЕТА

 

Республика Казахстан, 070019, г. Усть-Каменогорск, ул. Казахстан, 55, Восточно-Казахстанский государственный университет имени С.Аманжолова, административный корпус, отдел организации научно-исследовательских работ, каб. №403.

Контактные телефоны:

8 (7232) 241-401 – отдел организации научно-исследовательских работ.

АНКЕТА – ЗАЯВКА УЧАСТНИКА 

ІV Республиканской научно-практической конференции молодых ученых и студентов «Миссия молодежи в науке Республики Казахстан»

 

Автор (ы)

Научный руководитель

Фамилия    
Имя    
Отчество    
ВУЗ (указать полностью факультет, кафедру)    
Автор: курс, специальность (с шифром),

Научный руководитель: должность, ученое звание и степень

   
Индекс, город, улица, дом, квартира (для отправки сборника материалов)  
Контактный телефон  
E–mail  
Название доклада  
Наименование направления  
Участие в конференции (очно, заочно)  
Необходимость бронирования номера в гостинице университета (да/нет)    

В обязательном порядке заполнить все пункты.

[/ru]
Просмотров: 619