Білімі және біліктілікті арттыру:
жоғары – 2006 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті « Қазақ тілі мен әдебиеті, шет (ағылшын) тілі)»;
Қарағанды қ. біліктілікті арттыру институттарында, “Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы” шет тілі курстарында, вебинарларға, сондай-ақ халықаралық ғылыми –практикалық конференцияларға қатысушы, Ұлттық тестілеу орталығы сертификатының иегері –ҚАЗТЕСТ-жоғары деңгей (С1).
Ғылыми-педагогикалық қызметі :
2009-2010 жж. – ҚМИУ жанындағы лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі оқытушысы;
2010-2011 жж. – ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің Қазақ, Экономикалық бөлімінің меңгерушісі, Қазақ тілі оқытушысы;
2011-2012 жж. – ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі оқытушысы;
2012-2013 жж. – ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің техникалық бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі оқытушысы;
С 2016 ж. – “Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті” РМК жанындағы техника-экономикалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Марапаттар:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рухани және әлеуметтік даму жолында тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне қосқан зор үлесі және қол жеткізген табыстары үшін Құрмет грамотасы – Астана 2017ж.;
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін ҚМИУ ректорының алғыс хаты –Темиртау 2017ж.;
- Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жанындағы гуманитарлық-техникалық колледж директорының жас ұрпақты тәрбиелеуде және оқытуда кәсіпқойлығы мен адал еңбегі үшін грамотасы –Темиртау 2013ж.
Электрондық пошта : akulica-77@mail.ru