AI Sana бағдарламасы — 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасымен іске қосылған ауқымды мемлекеттік бастама. Оның басты мақсаты — жоғары білікті кадрларды даярлау және жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін дамыту.
Бағдарлама 650 мың студентті қамтуды көздейді және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ол студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, постдокторанттарға және жас зерттеушілерге әртүрлі салаларда (ауыл шаруашылығы, су ресурстары, энергетика, білім беру және т.б.) жасанды интеллект пен AI-кәсіпкерлік саласында қосымша құзыреттер алуға мүмкіндік береді. Бұл болашақ мамандарға өз кәсіби саласын терең түсінумен қатар, жұмыс үдерістерін оңтайландыру және өзекті салалық міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға жол ашады.
Бағдарлама түлектері өз стартаптарын іске қосып, салалық мәселелерге инновациялық шешімдер ұсына алады немесе алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, озық технологияларды енгізуге және елдің технологиялық дамуын жеделдетуге үлес қосады.
«AI-Sana» бағдарламасын іске асыру кезеңдері
Бағдарлама кезең-кезеңімен дамиды — жасанды интеллект саласындағы базалық білімнен бастап стартаптарды құру мен масштабтауға дейін.
- Дайындық кезеңі (650 мың студент): Coursera, Huawei платформаларында, Astana Hub-та және жоғары оқу орындарында ИИ бойынша базалық курстар. Студенттер негізгі трендтермен, принциптермен және қолдану мысалдарымен танысады.
- 1-кезең: оқу-әдістемелік кешен мен білім беру платформасын әзірлеу. Халықаралық сарапшылар ИИ және AI-кәсіпкерлік бойынша әдістемелік бағдарламаны дайындайды.
- 2-кезең (100 мың студент): ИИ негіздері, кәсіпкерлік, дизайн-ойлау, кейстер мен трендтерді меңгеру. Негізгі назар — практикалық дағдылар мен салалық міндеттерді шешуге.
- 3-кезең (60 мың студент): студенттік жобаларды әзірлеу, менторлармен жұмыс, нарық сұранысына бейімделу және масштабтау стратегияларын дайындау.
- 4-кезең (1,5 мың стартап): пре-акселерация, акселерация және пост-акселерация. Идеяларды іріктеу, MVP мен бизнес-модельдерді жасау, жобаларды жетілдіру мен масштабтау, нарыққа шығуды қолдау және инвестициялар тарту.
2025 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша ҚарИнУ-дың 1938 студенті жасанды интеллект негіздері бойынша курстарды Huawei және Coursera платформаларында аяқтады.

Министр және ҚР Президенті AI sana бағдарламасының тұсаукесерінде

