AP19677907 «Микро/нанобөлшектердің, өндірістік қалдықтардың және ығысудың машина жасауда қолданылатын металл дайындамалар сапасына тигізетін әсерін зерттеу»

Жобаның атауы AP19677907 «Микро/нанобөлшектердің, өндірістік қалдықтардың және ығысудың машина жасауда қолданылатын металл дайындамалар сапасына тигізетін әсерін зерттеу»
Жоба іске асырылатын конкурстың атауы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс
Жоба іске асырылатын ғылымды дамытудың басым бағытының атауы Энергетика және машина жасау
Жоба іске асырылатын мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеу түрі

Көліктік, ауылшаруашылық, мұнайгаз және тау-кен-металлургиялық машина жасау

Іргелі

Жобаны іске асыру мерзімдері 01.02.2023 ж. – 31.12.2025 ж.
Жобаның өзектілігі

Жобаның идеясы илемдеу және құю теориясы мен технологиясы саласында жаңа білімдер алу және бар білімдерді тереңдету мақсатында алюминий матрицалық композиттердің (АМК) құрылымы мен қасиеттеріне арматуралаудың бастапқы шарттарының және ығысу деформацияларының әсер ету механизмдері мен заңдылықтарын ғылыми сипаттау және ашу болып табылады.

Жоба келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

– металлургиялық қалдықтардың рециклингі;

– машина жасау үшін жеңіл, тозуға төзімді, берік металл дайындамаларды алу;

– беріктік пен пластикалықтың оңтайлы тепе-теңдігіне қол жеткізу шараларын әзірлей отырып, композициялық материалдың пластикалық ресурсын оңтайлы пайдалану және оларды шешудің ғылыми негізделген тәсілдерін ұсына отырып, өнеркәсіптік ауқымда АМК алуды шектейтін себептерді, сыни нүктелер мен тәуекелдерді анықтау.

Жобаның мақсаты Алюминий матрицалық композиттердің құрылымы мен қасиеттеріне армирлеу мен ығыстыра илемдеудің бастапқы жағдайларының әсер ету механизмдері мен заңдылықтарын ғылыми сипаттау және ашу арқылы илемдеу және құю теориясы мен технологиясы бойынша жаңа білім алу және бұрыннан бар білімді тереңдету.
Зерттеу тобы

1) Ашкеев Жасулан Аманжолович – т.ғ.к., «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті, жоба жетекшісі.

Scopus ID: 57205283781  

ResearcherID: U-8566-2018 

https://orcid.org/0000-0001-8992-3984

2) Абишкенов Максат Жарылгасынович – PhD, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми қызметкер.

Scopus ID: 57218196534  

ResearcherID:AAY-6294-2021   

https://orcid.org/0000-0002-7995-7651

3) Ногаев Кайрош Абилович – т.ғ.к., «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми қызметкер.

Scopus ID: 58065928300  

KGS-4868-2024

https://orcid.org/0000-0003-1332-6352

4) Лутченко Никита Александрович – магистр, Nazarbayev University ғылыми зерттеулер бойынша ассистент, кіші ғылыми қызметкер.

Scopus ID: 57215883703  

ResearcherID: ABA-4122-2020  

https://orcid.org/0000-0003-0283-4642

5) Тавшанов Ильгар Сулейманович – магистр, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының оқытушысы, кіші ғылыми қызметкер.

Scopus ID: 58203718700  

ResearcherID: JNR-8253-2023  

https://orcid.org/0000-0002-9427-9748

Жобаның күтілетін нәтижелері

2023 жыл

Ғылыми негіздемесі бар АМК-ның перспективалық салмақтық пайыздық құрамдары таңдалады және құйылған және пластикалық деформацияланған АМК тәжірибелік партиялары алынады.

Бастапқы ақпаратты өңдеу әдістері мен факторлық эксперимент арқылы таңдалған арматуралық материалдардың түпкілікті АМК құрылымы мен қасиеттеріне әсерін ғылыми бағалау және талдау арқылы АМК-ның перспективалық салмақтық пайыздық құрамдарын таңдау жүзеге асырылады.

Құйылған және пластикалық деформацияланған АМК алу бойынша зертханалық экспериментті дайындау және жүргізу үшін арматуралау, құю және пластикалық деформациялаудың шарттары мен технологиялық режимдерін белгілеу жүзеге асырылатын болады.

ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады және Тапсырыс берушіге жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтер ұсынылады.

2024 жыл

Алынған деректерді ғылыми талдаумен және түсіндірумен құйылған және пластикалық деформацияланған АМК-ның физика-механикалық және трибологиялық қасиеттері зерттелетін болады.

Құйылған және пластикалық деформацияланған АМК-ның физикалық-механикалық және трибологиялық қасиеттері туралы мәліметтер алынады.

Құйылған және пластикалық деформацияланған АМК-ның физика-механикалық және трибологиялық қасиеттері туралы алынған деректерді ғылыми талдау және түсіндіру жүзеге асырылады.

Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала жарияланады және Тапсырыс берушіге жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтер ұсынылады.

2025 жыл

Алынған деректерді ғылыми талдаумен және түсіндірумен құйылған және пластикалық деформацияланған АМК фазалық құрылымдары зерттеледі.

Құйылған және пластикалық деформацияланған АМК құрылымы мен фазалары туралы мәліметтер алынады.

Құйылған және пластикалық деформацияланған АМК құрылымы мен фазалары туралы алынған деректерді ғылыми талдау және түсіндіру және факторлық эксперимент (соңғы) арқылы құрамды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жүзеге асырылады.

Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымда 2 (екі) мақала жарияланады және Тапсырыс берушіге жоба бойынша қорытынды есеп ұсынылады.

Қазіргі уақытта қол жеткізілген нәтижелер АМК–ның беріктігі мен пластикалық қасиеттерін қамтамасыз ететін  ең оңтайлы өзгеру интервалдары   анықталды. Тәжірибелік мәліметтерді талдау 1000 г қорытпаға 200 г TiB2 және 170 г SiO2 қосқанда АМК-ның  беріктік шегінің максималды мәні қамтамасыз етілетінін көрсетті (σВ = 500÷510 МПа). Қосымша  механикалық қасиеттерін жоғарлату және олардың дайындаманың көлемі бойынша  біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін алынған АМҚ плиталарын прокаттау үшін сызба әзірленді және дөңес жұмыс беті бар конус тәрізді біліктер жасалды.
Жоба тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар

1) Ашкеев Ж.А., Абишкенов М.Ж., Ногаев К.А., Камаров А.У. К вопросу оптимизации состава алюмоматричных композитов для производства машиностроительных заготовок. Наука и техника Казахстана, 2023, № 3. – С. 12-26. –  https://doi.org/10.48081/RYQS1423

2) Ашкеев Ж.А., Абишкенов М.Ж., Ногаев К.А., Қансейт Н.Ш., Уктаева Л.И. Дөңес жұмыс беті бар қиық конус пішінді біліктерді қолданып асимметриялы таптау үрдісін зерттеу. Труды университета, 2023, №3(92). – С. 66-71. –  https://doi.org/10.52209/1609-1825_2023_3_66

Әлеуетті пайдаланушылар үшін байланыс ақпараты zh.ashkeyev@tttu.edu.kz