Негізгі мәліметтер
- лауазымы: доцент
- ғылыми / академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты
- ғылыми атағы: доцент
Байланыс деректері
- корпоративті поштасы: ashkeyev@tttu.edu.kz
Ғылыми метрикалық идентификаторлары
- Scopus Author ID: 57205283781
- Web of Science ResearcherID: ABA-9283-2021
- ORCID: 0000-0001-8992-3984
Білімі
- 1985 – 1990 жж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Зауыт-ЖТОО, 0408 «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы, Теміртау, Қазақ КСР-і
- 1993 – 1997 жж. Қарағанды металлургия институты, «Деформацияланатын қатты денелердің механикасы» мамандығы, сырттай аспирантура, Теміртау, ҚР
- 1999 ж. Қазақ ұлттық техникалық университеті, 05.03.05 «Қысыммен өңдеу процестері мен машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, Алматы, ҚР
- 2008 ж. 16.05 «Металлургия» мамандығы бойынша доцент
Академиялық тәжірибесі
- 1990 – 2007 жж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Зауыт-ЖТОО (2001 жылдан 2005 жылға дейін «Қарағанды металлургия институты» ЖАҚ-ы, 2005 жылдан 2006 жылға дейін «Қарағанды металлургия институты» АҚ-ы, 2006 жылдан 2021 жылға дейін «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК) «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, Теміртау, ҚР
- 2008 – 2018 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының доценті, Қарағанды, ҚР
- 2018 – 2021 жж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті, Теміртау, ҚР
- 2021 ж. бастап Қарағанды индустриялық университеті «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті, Теміртау, ҚР
Оқытатын пәндері
- Бакалавриат:Ғылыми зерттеулер негіздері / Машина жасау технологиясының негіздері / Машиналардың сенімділігі / Өндіру саласының технологиялық жабдықтары
- Магистратура:Машиналардың сенімділігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары / Ғылыми зерттеулер әдістемесі / Машиналардың динамикасы мен беріктігі
- Докторантура: Ғылыми зерттеу әдістері
Сертификаттары, марапаттары, сыйлықтары (соңғы 3 жыл ішінде)
- 2021 ж. «Ультраұсақ түйіршікті және наноқұрылымды материалдарды алу тәсілдерін зерттеу» курсынан 72 сағат көлемінде өткені туралы сертификат, «Торайғыров Университет» КеАҚ, Павлодар, ҚР
- 2021 ж. «Оқытушының тиімді жұмысы» курсынан 72 сағат көлемінде өткені туралы сертификат, «ИНТУИТ» ұлттық ашық университеті, Мәскеу, РФ
- 2022 ж. «Өнеркәсіп пен машина жасаудың заманауи технологиялары мен жабдықтары» өндірістік тағылымдамасынан 72 сағат көлемінде өткені туралы сертификат, «Инкар-1» ЖШС-і, Теміртау, ҚР
- 2022 ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» атағының иегері, ҚР БҒМ, Астана, ҚР
- 2022 ж. ЖОО қызметкерлерінің арасындағы «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» байқауының жеңімпазы (3-ші орын) дипломы мен сертификаты, Теміртау, ҚР
- 2023 ж. Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаты, Астана, ҚР
- 2024 ж. ЖОО қызметкерлерінің арасындағы «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпазы (3-ші орын) дипломы мен сертификаты, Теміртау, ҚР
Қабылдау уақыты
- Дүйсенбі: 10.00 – 12.00, каб. Ж-111
- Жұма: 15.00 – 17.00, каб. Ж-111