Директорлар кеңесі отырысының 22.10.2025 жылғы №5 хаттамасы, күндізгі

Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны

22.10.2025 жылғы №5 хаттама, күндізгі

Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері

  1. Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім беру академиясының президенті.
  2. Жүсіпов Арман Нұртайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментінің құқықтық жұмыс басқармасының басшысы.
  3. Жаутиков Бахыт Ахатұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
  4. Быков Владимир Анатольевич – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры (келісім бойынша).

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша пікірлер Директорлар кеңесінің мүшелері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Тынысбеков Бауыржан Асқарұлынан және «Qarmet» АҚ кадрларды оқыту, дамыту және іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша) Зияшева Айжан Қанатқызынан ұсынылды.

Қаралған мәселелер:

  1. 2025 жылы құрылымдық бөлімшелер қызметінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету және/немесе алдын алу іс-қимылдарының жоспарларын бекіту және ішкі аудит қызметінің ішкі аудиттік тексерістер жөніндегі есебін қарастыру.
  2. 2025–2026 оқу жылына арналған «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның штаттық саны туралы.
  3. «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор лауазымына сайлау туралы.

Шақырылғандар:

  1. Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна;
  2. Ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова Майра Хомаровна.