Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
25.12.2024 жылғы №8/24 хаттама, күндізгі
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы - «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім академиясының Президенті.
- Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
- Жаутиков Бахыт Ахатұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры.
- Быков Владимир Анатольевич - Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚР Жеке кәсіпкерлікті дамыту және жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Қаралған мәселелер:
- 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде қаражатты пайдаланудың дұрыстығы бойынша ІАҚ тексеру жүргізу нәтижелері туралы.
- Директорлар кеңесі Комитеттерінің 2024 жылғы жұмысы туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның 2024 жылға арналған даму жоспарын нақтылау туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» 2025-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту (2025 жыл бөлігінде).
- 2024 жылға арналған «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның төлем мөлшерін айқындау туралы.
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің, басқармасының, бас бухгалтерінің, Ішкі аудит қызметінің, корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы. Марапаттау мәселелері.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Шақырылғандар:
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова М.Х.;
- Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Г. А. Сивякова.
- Басқарма мүшесі-Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.Б. Махмутов
- Бас бухгалтер Н.Е.Жамантаева