Докторантура

Докторантура - философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, білім беру бағдарламалары ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Бейіні бойынша доктор - кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған тұлғарға берілетін дәреже. 
Қарағанды индустриялық университеті PhD докторантурасының заманауи және сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын ұсынады:
  • ғылыми әлеуетті дамытуға және жоғары білікті зерттеушілерді даярлауға бағытталған ғылыми-педагогикалық бағыттағы PhD академиялық докторантураның 6 бағдарламасын;
  • практикаға бағдарланған оқытуға және өнеркәсіптің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған бейіндік докторантураның (индустриялық PhD) 6 бағдарламасын бар.
Біздің докторантураның ОЖ - бұл академиялық білімнің, практикалық тәжірибенің және оқытудың инновациялық тәсілінің үйлесімі. Оқыту саланың жетекші ғалымдары мен сарапшыларының жетекшілігімен өтеді.
Халықаралық мүмкіндіктер: Докторантура аясында жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту міндетті түрде қарастырылған.

ҚарИУ білім беру бағдарламалары

ҚарИУ білім беру бағдарламалары Білім беру бағдарламаларының топтары
8D07101/8D07106 Инженериядағы нанотехнологиялар D108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар
8D07103/8D07107Органикалық заттардың химиялық технологиясы D097 Химиялық инженерия және процестер
8D07102/8D07108Технологиялық машиналардың инновациялық инжинирингі D103 Механика және металл өңдеу
8D07104/8D07109 Автоматтандыру және басқару D100 Автоматтандыру және басқару
8D07202/8D07203Қара және түсті металдар металлургиясы D117 Металлургиялық инженерия
8D07105/8D07110 Материалтану және инновациялық инжиниринг D101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Докторантурада оқу мерзімі - 3 жыл
Басқа қаладан келген және шетелдік докторанттарға оқудың барлық кезеңінде жайлы жатақхана ұсынылады.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:
  • +7 (7213) 91-42-34
  • +7 (701) 430 64 14.
  • +7 (755) 989 45 43
  • +7 (702) 908 00 86