Докторантура|Doctoral studies|Докторантура

[ru]

Прием заявлений, поступающих в докторантуру, проводится приемными комиссиями организации образования Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) через информационную систему Национального центра тестирования (app.testcenter.kz) в следующие сроки:

1) с 3 июля до 3 августа календарного года;

* Вступительные экзамены по группам образовательных программ в докторантуру проводятся в следующие сроки:

1) с 4 до 20 августа календарного года;

Сертификат вступительного экзамена, проведенного в период с 4 по 20 августа, действителен до 1 декабря текущего календарного года;

* Зачисление в докторантуру проводится в следующие сроки:

1) с 15 до 28 августа календарного года;

При подаче документов поступающий указывает одну ОВПО и одну группу образовательных программ.

Лица, поступающие в докторантуру, подают следующий пакет документов в ОВПО:

1) заявление в произвольной форме;

2) документ об образовании (подлинник, при подаче документов в приемную комиссию);

3) документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности);

4) электронный сертификат, подтверждающий владение иностранным языком (английский, немецкий, французский) по программам

английский язык:

IELTS Academic (АЙЛТС Академик)/International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) пороговый балл – не менее 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), пороговый балл – не менее 46;

TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, пороговый балл – не менее 453;

немецкий язык: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauВ2/уровень В2), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/уровень В2);

французский язык: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – не ниже уровня В2 по секциям чтения и аудирования), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), уровень B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), уровень В2), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – не менее 50 баллов).

5) медицинскую справку по форме 075/у в электронном формате, утвержденную приказом № ҚР ДСМ-175/2020). В случаях осуществления ограничительных мероприятий, введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера на определенной территории предоставляют непосредственно в организации образования медицинскую справку по мере снятия данных мероприятий;

6) шесть фотографий размером 3×4 сантиметра;

7) личный листок по учету кадров или иной документ, подтверждающий трудовую деятельность, заверенный кадровой службой по месту работы;

8) список научных и научно-методических работ (научные публикации, план проведения исследований, эссе и другие документы) за последние 3 календарных года;

9) результаты предварительного отбора (по области образования «Здравоохранение»).

Документы, перечисленные в подпунктах 4) и 7), предоставляются в подлинниках и копиях, после сверки которых подлинники возвращаются заявителю.

[/ru] [kk]

I. Докторантураға түсушілерден өтініштер қабылдауды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы;

2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанынан 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламаларының тобын көрсетеді.

Докторантураға түсуші адамдар мынадай құжаттар топтамасын ЖЖОКБҰға тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кездегі түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) шет тілін меңгеруін растайтын электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз) ағылшын тілі: IELTS Academic (АЙЛТС Академик)/International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) шекті балл – кемінде 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама. Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

6) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

9) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша). 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері түрінде ұсынылады, оларды салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссиялары тексереді.

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

II. Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау

ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Түсуші докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен бірлесіп өтініш береді:

  • app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;

  • өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондықпоштаны растау қажет);

  • түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);

  • ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;

  • «өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура-докторантура)» таңдайды;

  • «докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;

  • тіркеу деректерін толтырады;

  • түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;

  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.

Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.

Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (емтихан тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (3 тамызға, 18 қарашаға дейін) түзетуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің тарихым» бетіне өту;

2) өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;

2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

Сонымен қатар төлем банктің комиссия шығындарын ұстай отырып, қайтарылатындығын хабарлаймыз.

Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Докторантураға түсу емтиханына қатысу құны – 21072 тг.

*қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, тестілеу мерзімі мен баға прейскурантына өзгерістер енгізілуі мүмкін

III. Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан:

1) эссе жазудан;

2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:

– докторантураға оқуға дайындығын анықтау тестіне (бұдан әрі –ОДАТ) – 50 минут;

– білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарын және эссе жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бірінші ОДАТ бөлімі тапсырылады. ОДАТ бөлімін аяқтағаннан кейін түсуші эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктарын орындау реттілігін өз еркімен таңдайды.

Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.

Апелляцияға арналған өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00ден 13.30ға дейін аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Апелляцияға арналған өтініштер ЖЖОКБҰның апелляциялық комиссиясымен өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қаралады.

Докторантураға түсуші адамдардан ОДА бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.

Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханын өту барысында береді.

Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті болмаған жағдайда қаралады.

Апелляцияға арналған өтініште мазмұндалған нақты фактілер қарастырылуға жатады.

Тест тапсырма шартының фрагмент (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) жоқ екендігі анықталған кезде, оның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау болмаса, түсуші «техникалық апелляция» қосымшасындағы экранға белгі қояды.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап жоқ болған;

3) барлық ұсынылған, жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдай отырып, тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар болған (дұрыс жауаптың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайларда қаралады.

Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға арналған өтініште дәлелді негіздеме (толық түсіндіру, тапсырмалардың толық шешімі) көрсетілмесе, қарауға жатпайды.

Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляцияны есепке ала отырып, түсу емтиханының нәтижелері көрсетіледі.

Түсу емтиханының нәтижелері бойынша электронды сертификат беріледі.

[/kk]