Проект Эразмус+
Жобаның тіркелген күні: 28.02.2023 ж.
Нәтижесі: тамыз, 2023 ж.
Жалпы бюджет: консорциумға 800 000 Еуро.
КарИУ университеттер консорциумының құрамында «Green Skills and Sustainable Development for Central Asian Universities / Орталық Азия университеттері үшін жасыл дағдылар және тұрақты даму» атты Эразмус+ жобасына қатысады.
Университеттер консорциумы Еуропалық және Орталық Азия университеттерінен тұрады.
Жобаға қатысушылардың құрамы:
1. Constructor University (Университет Констрактер) – Бремен, Германия;
2. IMC University of Applied Sciences Krems (Кремс қолданбалы ғылымдар университеті) - Кремс-на-Дунае, Австрия;
3. Slovak University of Agriculture in Nitra (Нитра қаласындағы Словакия ауылшаруашылық университеті) – Нитра, Словакия;
4. TIIAME (Ташкент ауыл шаруашылығын суару және механикаландыру инженерлері институты) -Ташкент, Узбекистан;
5. KIUT (Кимё Ташкент халықаралық университеті) - Ташкент, Узбекистан;
6. Геология ғылымдары университеті – Ташкент, Узбекистан;
7. Еуразиялық технологиялық университеті – Алматы, Казахстан;
8. Қарағанды индустриалды университеті – Темиртау, Казахстан.
Жобаның мақсаты
- Кәсіпорындар мен қалалардың тұрақтылығын арттыратын экологиялық тұрақтылыққа және ESG (Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару / Environmental, Social, and Corporate Governance, ESG), енгізуге бағытталған мамандарға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу.
- Университеттер, бизнес, үшінші сектор ұйымдары мен муниципалитеттер арасындағы ынтымақтастықты жолға қоя отырып, қалалар мен ауылдарды тұрақты дамыту саласындағы желілерді нығайту (төрт сатылы спираль, осылайша оқушылардың еңбек нарығына шығуына ықпал ету. Бірлескен зерттеу орталығына кіру).
- Еңбек нарығының қажеттіліктеріне жақсы жауап беру үшін жоғары білімнің сапасы мен өзектілігін арттыру.
- Орталық Азияның басқа университеттерінде қайта пайдалануға, беруге және масштабтауға болатын нәтижелерді алу.