Minor каталогы

MINOR КАТАЛОГЫ

Minor (Минор) қосымша білім беру бағдарламасы – қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушылар зерделеу үшін айқындаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.

Minor барлық бакалавриат студенттеріне таңдау үшін ұсынылады. Әрбір білім алушы оқу үшін бір Минорды таңдауға міндетті. Minor бакалавриаттың екінші (типтік базада қысқартылған бағдарламалар бойынша білім алушылар үшін) және үшінші курста (толық оқу мерзімімен) оқиды.
Minor дәйекті түрде оқылатын төрт пәннен тұрады, 20 кредиттің еңбек сыйымдылығы (әр пәннің еңбек сыйымдылығы – 5 кредит).
Қосымша білім беру бағдарламасының – Minor пәндерін білім алушылар таңдау компоненті пәндері шеңберінде оқиды және олардың көлемі техника және технологиялар бакалавры дәрежесін беру үшін қажетті академиялық кредиттердің (негізгі бағдарламаның 240 кредиті) жалпы көлеміне кіреді.

MINOR БАҒДАРЛАМАЛАР:

v Minor «IT-технологиялар»
Алгоритмизация негіздері
Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Интернет-технологиялар және компьютерлік жүйе
Мәліметтер базасы

v Minor « Экономика және басқару»
Менеджмент
Ұйымдастыру және өндірісті жоспарлау
Бизнес-жоспарлау
Еңбек экономикасы
Логистика негіздері
Қаржы менеджменті
Жоба менеджменті

v Minor «3D инжинирингі»
Аддитивті технологияға кіріспе
3D үлгілеу жүйелері
3D баспа құралдары мен компоненттері
3D инжинирингі
3D сканерлеу және цифрландыру негіздері
Автоматтандырылған жобалау жүйелері

v Minor «Толық металлургиялық циклмен өндіріс»
Металдарды қысыммен өңдеу технологиясына кіріспе
Металдарды қысыммен өңдеу цехтарын жабдықтау
Қара және түсті металдар металлургиясына кіріспе
Қара және түсті металдарды өндіру технологиясы

2022-2023 оқу жылы

Minor каталогы ٧