"Қарағанды индустриялық университеті" КЕАҚ жанындағы Техника-экономикалық колледж (ТЭК)
Техника-экономикалық колледж (ТЭК) КЕАҚ "Қарағанды индустриялық университетінің" құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін колледж-ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылғы қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін, техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.
2022-2023 жылдары Техника-экономикалық колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
Соның ішінде 2 экономикалық мамандық:
· 04130100 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер;
· 04110100 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист-бухгалтер.
7 техникалық мамандық:
· 07130400 «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» – біліктілігі: техник-жылу технигі;
· 07130700 «Электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (түрлері мен салалары бойынша) – біліктілігі: электромеханик;
· 07161300 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» – біліктілігі: техник-механик;
· 07151300 «Қара металл металлургиясы» – біліктілігі: техник-металлург;
· 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы»;
· 07320100 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» – біліктілігі техник-құрылысшы;
· 07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» (өнеркәсіп салалары бойынша) – біліктілігі техник-механик.
2023-2024 жылдары Техника-экономикалық колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша 240 орын бөлінді.






Қазақстан, Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
Республика даңғылы, 30
101400
Жұмыс тел.:
8 7213 91 42 34
8 7213 91-65-61
Ұялы тел.:
8-701-430-64-14
8-700-569-06-47
WhatsApp: 8-701-430-64-14
www.tttu.edu.kz
info@tttu.edu.kz
front-office@tttu.edu.kz