Колледж туралы

Қарағанды индустриялық университеті жанындағы техникал-экономикалық колледж университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2016 жылдың қыркүйегінен бастап "Білім туралы" ҚР Заңы және білім беру қызметін реттейтін басқа да заңнамалық актілер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында құрылтай құжаттарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.

КарИУ жанындағы ТЭК білім беру қызметін жүзеге асыру лицензиясына сәйкес орта буын мамандарын 9 мамандық  бойынша шығара отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда:

1. 04130100 «Менеджмент»

2. 04110100 «Есеп және аудит»

3. 07130400 «Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері»

4. 07130700 «Электр және электромеханикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»

5. 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

6. 07151300 «Қара металдар металлургиясы»

7. 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

8. 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

9. 07151100 «Машиналармен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)»

Негізгі орта (9-сынып) білім беру базасында оқуға түскен білім алушылар үшін оқу мерзімі 3 жыл 10 айды, жалпы орта (11-сынып) білім беру базасында 2 жыл 10 айды құрайды. "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы бойынша оқу мерзімі 3 жыл 6 ай 9 сынып негізінде, 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай. "Есеп және аудит", "Менеджмент" мамандықтары бойынша 9-сыныптан кейін оқыту 2 жыл 10 айды, 11-сыныптан кейін 1 жыл 10 айды құрайды. Оқыту келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Оқу түрлері: Күндізгі, Сырттай. Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша және 2023 жылғы 21.04.  №112 бұйрығымен Техника-экономикалық колледж білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына толық сәйкес, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері талаптарға сәйкес келгендігінен жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының хаттары негізінде колледжге мемлекеттік тапсырыс бойынша 2023 жылғы талапкерлер үшін 240 грант бөлінді. Сондай-ақ студенттер шарттық негізде білім ала алады.

Ақылы оқитын студенттерге жеңілдіктер бар:

· Оқу ақысының икемді жүйесі (ай сайын, семестр бойынша төлем жасау мүмкіндігі).  

· Жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, КС балаларына және қызметкерлерге 10%-дан 30% - ға дейінгі мөлшердегі жеңілдіктер.

· Күндізгі бөлімде оқу уақытына жастарға әскери қызметтен кейінге қалдыру.

· Резидент емес студенттерге арналған жатақхана.

2018 жылдан  26 түлектен бастап, 2022 жылға дейін оқу орны 592 орта буындағы білікті мамандарды даярлап шығарды. Ағымдағы жылдың түлектер саны тағы 153 студент (күндізгі 65, сырттай 88) құрады.

Колледж студенттері бірлескен қызмет туралы шарттармен реттелетін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында өндірістік, диплом алдындағы практикадан өтеді. Оқуды бітірген соң осы кісіпорындарына жұмысқа қабылданады. Слайдта көрсетілген жұмысқа орналасады.

Негізгі серіктестер

"АрселлорМиттал Теміртау" АҚ,

"Теміртау электрометаллургиялық комбинаты" АҚ,"Карцемент" АҚ,

"Текелі тау-кен өңдеу комбинаты" ЖШС,

"Оқжетпес" ЖШС, "Гордорсервис-Т" ЖШС, "Пласт" ЖШС, "Құрылыс" ЖШС, "Заводстрой" ЖШС, "МаксиСтрой-М" ЖШС, Қазақстан Халық банкі" АҚ.

Түлектерді жұмысқа орналастыру.

Біздің колледж студенттерінің көпшілігі жұмысқа орналасады.

2016 жылдан 2022 жылға дейін оқу орнынан шыққан 592 түлек ішінен 570  жұмысқа орналастырылды, бұл 96 % - құрады.

Колледждің негізгі құрамы 27 адамнан тұрады және 20 қосымша жұмыс істейтін штаттан тыс оқытушы, оның ішінде 13 - университет кафедраларының оқытушылары, шарт бойынша - 4 адам, басқа оқу ұйымдарынан – 3 адам.

 Штаттық педагогикалық құрамға  жоғары санатты 4 оқытушы, бірінші санатты 2 оқытушы, 9 магистр кіреді.

Педагогикалық ұжымның орташа жасы - 40 жас.

Колледжд  алдына қойылған негізгі міндеттері осындай:

1. Оқу-материалдық және техникалық базаны нығайту.

2. Оқытушылар құрамының инновациялық қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

3. Студенттердің кәсіби, әлеуметтік, мәдени құзыреттілігін, колледж оқытушыларының шығармашылық өсуін дамыту үшін жағдай жасау.

4. Ғылыми-зерттеу жұмысын одан әрі дамыту.

5. Қосымша білім беру қызметтерінің тізбесін кеңейту.

6. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

7. Мектеп-колледж-университет моделі бойынша үздіксіз білім беруді жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Қазақстан, Қарағанды облысы

Теміртау қаласы

Республика даңғылы, 30

101400

Жұмыс тел.: 

8 7213 91 42 34

8 7213 91-65-61

Ұялы тел.: 

8-701-430-64-14

8-700-569-06-47

WhatsApp: 8-701-430-64-14