Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 гг.|Anti-corruption strategy of the Republic of Kazakhstan for 2015-2025|2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар стратегиясы

[ru]

«Стратегия «Казахстан-2050»: Новый политический курс состоявшегося государства» возводит коррупцию в ранг прямой угрозы национальной безопасности и нацеливает государство и общество на объединение усилий в борьбе с этим негативным явлением.

Главный стратегический документ нашей страны, отражающий принципиальную позицию Казахстана по этому важному вопросу, служит основой антикоррупционной политики государства в предстоящие годы.

Общеизвестно, что коррупция ведет к снижению эффективности государственного управления, инвестиционной привлекательности страны, сдерживает поступательное социально-экономическое развитие.

Казахстан с первых дней государственной независимости целенаправленно и поэтапно следует курсу на создание эффективных, соответствующих мировым стандартам, институтов и механизмов противодействия коррупции.

В нашей стране действует современное антикоррупционное законодательство, основой которого являются законы «О борьбе с коррупцией» и «О государственной службе», реализуется ряд программных документов, образован специальный уполномоченный орган, комплексно реализующий функции в сфере государственной службы и противодействия коррупции, активно осуществляется международное сотрудничество в сфере антикоррупционной деятельности.

На принципах меритократии, при которой руководящие посты занимают способные и профессионально подготовленные люди, независимо от их социального происхождения и имущественного положения, сформирована система государственной службы, в том числе с четким разграничением и определением функций и полномочий каждого органа и должностного лица государства.

Приняты комплексные меры по развитию сферы государственных услуг и информатизации работы государственного аппарата, сокращающие прямые контакты чиновников с гражданами и минимизирующие условия для коррупционных явлений.

Предпринимаемые меры по повышению уровня жизни граждан, росту национальной экономики, улучшению условий ведения бизнеса, правовой грамотности и социальной активности населения, внедрению электронного правительства, позволившие Казахстану войти в число  50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира, также создают предпосылки для формирования культуры законопослушания и общепринятых антикоррупционных моделей поведения.

Вместе с тем, решение стратегических задач по дальнейшему росту экономики, повышению благосостояния народа, воплощению в жизнь амбициозной задачи по вхождению в число тридцати наиболее конкурентоспособных стран мира, требует принятия новых системных мер, основанных на модернизации антикоррупционной политики государства и повышения роли институтов гражданского общества в ее реализации, что позволило бы максимально минимизировать коррупционные проявления.

В этой связи на данном этапе есть необходимость принятия нового программного документа государства, определяющего стратегию противодействия коррупции (далее – Стратегия или Антикоррупционная стратегия).

В таком документе ведущая роль должна отводиться комплексным мерам превентивного характера, способным коренным образом сократить уровень коррупции, искоренить причины и условия, ее порождающие в разных сферах жизни государства и общества. То есть акцент должен быть сделан на устранение предпосылок коррупции, а не на борьбу с ее последствиями.

Повышение конкурентоспособности национальной экономики предполагает также приоритетность мер по устранению административных барьеров на пути развития бизнеса, эффективную защиту прав и законных интересов отечественных и иностранных предпринимателей, работающих в Казахстане, от любых коррупционных проявлений.

В целом, такая Стратегия должна охватывать основные сферы жизнедеятельности государства и общества, предусматривать  разработку и осуществление комплекса разносторонних и последовательных антикоррупционных мер и, тем самым, обеспечить максимальное снижение коррупции на всех уровнях государственной власти, а также в частном секторе, сформировать нетерпимое отношение казахстанских граждан к этому социальному злу.

При этом определяемые Стратегией базовые направления не могут быть раз и навсегда данными. Они должны корректироваться по мере выполнения отдельных мероприятий и с учетом результатов глубокого анализа явления коррупции, ее причин, мотивации коррупционного поведения, серьезной и объективной оценки состояния дел в сфере борьбы с коррупцией.

АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СТРАТЕГИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НА 2015-2025 ГОДЫ

[/ru] [kk]

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.

Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамастан, оның кезінде басшылық орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар орналасатын меритократия қағидаттарының негізінде мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасты, оның ішінде мемлекеттің әрбір органы мен лауазымды адамының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып және айқындалып қалыптасты.
Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.
Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.
Бұл орайда қазіргі кезеңде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны (бұдан әрі — Стратегия немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) айқындайтын жаңа бағдарламалық құжатын қабылдау қажеттігі болып тұр.
Мұндай құжатта сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілуі тиіс. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.
Тұтастай алғанда, мұндай Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, сөйтіп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс.

Бұл ретте Стратегия айқындайтын базалық бағыттар түпкілікті болуы мүмкін емес. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына байланысты және сыбайлас жемқорлық құбылысына, оның себептеріне, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысты ынталандыруға терең талдаудың нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы істердің жай-күйін байсалды және объективті бағалауды ескере отырып түзетілуге тиіс.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ 

[/kk]