Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қарағанды индустриялық университеті магистратураның 20 білім беру бағдарламасы және докторантураның 5 білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады.
ҚарИУ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетеді.
Магистратурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
оқу мерзімі 1 жылдан кем емес (1-1,5 жыл));
оқу мерзімі 2 жыл ғылыми және педагогикалық.
Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады. Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың қолданбалы сипатына ие, басқару дағдыларын дарытуға және кәсіби менеджерлерді (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіндегі жетекшілерді) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Алдыңғы білім деңгейі: магистранттың магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Магистрант пререквизиттерді толық игергеннен кейін магистратурада оқуын бастайды.
Магистратурада оқу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.
Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын жүзеге асыру шеңберінде міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.
Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуы, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, жоғары оқу орындарында оқыта білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.
МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҚТАРЫ
Білім беру бағдарламаларының топтары |
ҚарИУ білім беру бағдарламалары |
М070 Экономика |
7М04103/ 7М04104 Экономика |
М100 Автоматтандыру және басқару |
7М07110/7М07111 Автоматтандыру және басқару |
М097 Химиялық инженерия және процестер |
7М07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
М101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
7М07106/7М07109 Материалтану және материалдардың нанотехнологиясы |
М099 Энергетика және электртехника |
7М07112/ 7М07113 Электр энергетикасы |
М103 Механика және металл өңдеу |
7М07103/7М07105 Технологиялық жабдықтардың инжинирингі |
7М07101/7М07104 Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы |
|
М104 Көлік, көліктік техника және технология |
7М07114 Көліктік-технологиялық жүйелер инжинирингі |
М117 Металлургиялық инженерия |
7М07203/7М07204 Қара және түсті металдар металлургиясы |
М119 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
7М07206 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
М124 Құрылыс |
7М07301/7М07302 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау теориясы мен технологиясы |
М150 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
7М11201 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік |
ОҚУ МЕРЗІМІ
2 жыл – Ғылыми-педагогикалық бағыт
1 және 1,5 жыл – Бейіндік бағыт
ҚарИУ БАСҚА ҚАЛАДАН КЕЛГЕН МАГИСТРАНТТАРҒА ЖАТАҚХАНА БЕРІЛЕДІ
Қабылдау комиссиясының телефоны:8(7213)91-42-34, 8 (701) 430 6414, 8(755) 989 45 43, 8(702) 908 00 86