6В07113 – «Машина жасау»
Машина жасау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Түлектер машина жасау кәсіпорындарында технологиялық процестерді жобалау, ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ өндірістік жабдықтарды жобалау, өндіру және пайдалану саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар өндірістік процестерді автоматтандыру, технологиялық жабдықтарды жөндеу және сынақтан өткізу, өндірістің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстармен айналысады.
Сіз қандай маман боласыз?
-Машина жасау инженері
-Технологиялық жабдықтарды жобалаушы инженер
-Өндірістік процестерді автоматтандыру инженері
-Өндірістік жабдықтарды сынақтан өткізу инженері