6В07203 - «Түсті металдар металлургиясы»
Болашақ бакалаврлар түсті металл кендерін балқыту және өңдеу үдерістерінің технологиялық есептеу әдістерін меңгереді. Оқу барысында олар кен байыту принциптерін, жеңіл, ауыр, сирек және бағалы металдарды алу мен өңдеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ металлургиялық өндірістің өнімдері мен жартылай фабрикаттарын алудың технологиясын оқып үйренеді.
Студенттер түсті металлургия саласындағы металлургиялық агрегаттарды, қондырғылар мен цехтарды жобалау дағдыларын меңгереді, сонымен қатар металлургиялық сараптама мен өнім сапасын бақылаудың негіздерімен танысады. Гидрометаллургия, электрометаллургия және қайталама ресурстарды қайта өңдеудің заманауи әдістерін зерттеуге ерекше назар аударылады.
Түлектер түсті металлургия және машина жасау кәсіпорындарында инженер-технолог, жобалаушы, металлургиялық сараптама және сапаны бақылау маманы ретінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында жұмыс істей алады.
ОҚЫТУ ТҮРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ
4 жыл - жалпы орта білім базасында
2,5 жыл - техникалық және кәсіптік білім беру базасында
2,5 жыл - жоғары білім базасында
Сіз қандай маман боласыз?
- Түсті металлдарды өндіру және өңдеу кәсіпорындарында инженер-технолог;
- Металлургиялық агрегаттарды, цехтарды және зауыттарды жобалау жөніндегі инженер;
- Өнім сапасын бақылау жөніндегі маман;
- Металлургиялық сараптама маманы;
- Металлургия саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкері.
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮЛЕСІ – 93%
БЕЙІНДІК ПӘНДЕР:
Математика (min 5 балл)
Физика (min 5 балл)
ГРАНТТАР САНЫ:
2021 жыл – 1770
2022 жыл – 1652
ӨТУ БАЛЫ:
2021 жыл – 50
2022 жыл – 50
БАЙЛАНЫСТАР:
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ:
Facebook - https://clck.ru/UtBGF
Instagram - https://clck.ru/UtBH8
ВКонтакте - https://clck.ru/UtBHY
ҚарИУ-ға қалай жетуге болады
https://maps.app.goo.gl/WheVE78uPZZR93kd8
ҚР Теміртау қ., Республика даңғ., 30. Бас ғимарат, каб. 117, 119
Қазақстан, Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
Республика даңғылы, 30
101400
Жұмыс тел.:
8 7213 91 42 34
8 7213 91-65-61
Ұялы тел.:
8-701-430-64-14
8-700-569-06-47
WhatsApp: 8-701-430-64-14