Оқу жұмысы
Университет 25 бакалавриат бағдарламасы, 20 магистратура және 5 докторантура бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Барлық білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Жаңа кәсіптер атласы мен Өңірлік кәсіптер картасын ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленген.2022 жылы университет 2 білім беру бағдарламасы бойынша- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Жылу энергетикасы» қолданбалы бакалавр дәрежесін алу үшін пилоттық жобаға қатысты. Жоба «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Университет жыл сайын әлеуметтік қорғалмаған және дарынды студенттерге оқуға жеңілдіктер береді.
Ғылыми-зерттеу жұмысы.
ҚарИУ келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуда: металлургия өнеркәсібі үшін жаңа технологияларды, өнімдер мен қызметтерді құру; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; жобалық әзірлемелерді коммерцияландыру және мердігерлік жұмыстарды орындау; оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша тәжірибелер ұйымдастыру.Қазіргі уақытта университетте жалпы құны 883,1 млн теңгені құрайтын 18 ғылыми жоба бар. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру 2020 жылы 0,09 миллион теңгеден 2023 жылы 301 миллион теңгеге дейін өсті.
Университет халықаралық академиялық қоғамдастыққа да белсенді қатысады. 2022 жылы КарИУ-дың 6 студенті күзгі семестрде Түркия Республикасының Гази университетінде білім алды. Аталған университеттен және Стамбул техникалық университетінен (ITU) 2022-2023 күзгі семестрде дәрістер оқуға металлургия, химиялық технология және IT саласындағы жетекші үш профессор келді.ҚарИУ Британдық Кеңес өткізетін Going Global Partnerships бағдарламасы аясындағы 10 қазақстандық университеттердің бірі болып табылады.
ҚарИУ Ұлыбританияның Портсмут университетімен бірге осы бағдарламаға қатысуда, ынтымақтастық бірлескен зерттеулер жүргізуге, трансұлттық білім берудің стратегиялары мен жобаларын әзірлеуге бағытталған.
Материалдық-техникалық және зертханалық базаны дамыту
Жастар саясаты.
Университеттің соңғы жылдардағы жетістіктері