Докторлық диссертацияны қорғау туралы
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 Инженерия және инженерлік іс бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (8D07101 – Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы) философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 8D07101 – Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы бойынша Туысхан Курметбектің «Кремний өндірісінің қалдықтарынан нано- және микросилика негізінде жаңа материалдарды әзірлеу және талдау» тақырыбында докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасында орындалған.
Диссертацияның ұсынылу нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
- Ахметова Гульжайнат Есенжоловна – философия докторы (PhD), Қарағанды индустриялық университетінің КеАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы.
- Московских Дмитрий Олегович – техника ғылымдарының кандидаты, «МБжҚИ» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, «Құрылымдық керамикалық наноматериалдар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
- Достаева Ардак Мухамедиевна – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
- Тұрлыбекұлы Аманжол – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «National Laboratory Astana» ЖМ жетекші ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
- Омарова Гульден Сериковна – философия докторы (PhD), «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ физика және нанотехнологиялар кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
- Алимжанова Алия Маргулановна – философия докторы (PhD), «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы» РМҚ Шикізатты байытудың арнайы әдістері зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Мараховский Михаил Алексеевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Оңтүстік федералдық университеті», «Ақпараттық және өлшеу технологиялары» кафедрасының доценті, Ростов-на-Дону қ., Ресей Федерациясы.
Қорғау аралас форматта (офлайн және Zoom платформасында онлайн) 2026 жылдың 31 қаңтарында сағат 11:00-де «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D07101 – «Инженериядағы нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекен-жайда өтеді: 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы 30, Н-201 аудиториясы.
Конференцияға сілтеме:
https://zoom.us/j/95544427348?pwd=PpdPbfKMbJxBgFxbxUbAx1vUbveLPw.1
Конференция идентификаторы: 955 4442 7348
Кіру коды: 310126
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы: PhD Абишкенов М.Ж.
E-mail: 6D074000@tttu.edu.kz
⇓ Отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
⇓ Шетелдік ғылыми кеңесшінің пікірі
