Туысхан Курметбек

«Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Білімі

2008-2012 - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», бакалавр;

2012-2014 - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», техника ғылымдарының магистрі;

2020-2023 – «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ, 8D07101 – «Инженериядағы нанотехнология», философия докторы (PhD).

Еңбек жолы

2013-2018 – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, кокс цехының газдандырушысы, Теміртау қ.;

2018-2020 – «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ («Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК), «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы, Теміртау қ.;

2023-2024 – «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ («Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК), «Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің» жетекші ғылыми қызметкері, Теміртау қ.;

2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ («Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» ШЖҚ РМК), «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы, Теміртау қ.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Негізгі ғылыми бағыттар:

- құю мен сығудан алынған дайындамалардың микроқұрылымы мен қасиеттеріне әсерін зерттеу;

- кремний өндірісінің қалдықтары - микросилика (микрокремнезем) негізінде жаңа композициялық материалдарды алу технологиясын әзірлеу;

- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын зерттеу және әзірлеу;

- кремний карбидін алу мақсатында ұшқынды плазмалық біріктіру процесін зерттеу.

Оқытылатын пәндер

Композициялық және ұнтақты материалдарды алудың технологиялық негіздері;

Металдардың физикалық қасиеттері және оларды анықтау әдістері;

Ғылыми зерттеулер негіздері;

Технологиялық минералогия;

Кенді байыту.

30-дан астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде Web of Science және Scopus деректер қорындағы 5 жарияланымның, ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми журналдардағы 9 жарияланымның авторы. 4 оқу құралы жарық көрді. Хирша Индексі: Scopus – 2, WоS - 2.

Scopus ID: 57226176125

ResearcherID: AGE-4431-2022

Orcid ID: https://orcid.org/0000-0003-4272-2637