2023 ж. 4-сәуір күні ғылым апталығы аясында Қарағанды индустиялық университетінде «Энергетика» кафедрасының ұйымдастырумен «Атом энергетикасының өзекті мәселелері. Студенттерді ғылыми ізденіске баулу» атты тақырыпта Workshop өткізілді.
Спикерлер ретінде «Өнеркәсіптік нысандарды энергиямен қамтамасыз ету» ББ білім алушы ЭПО-22 тобының студенті Гончаров Ярослав Юрьевич және редакциялық-баспа бөлімінің бастығы, Воронеж жоғары технологиялар институтының доценті Ющенко Олеся Александровна (Онлайн-көрсетілімде) сөз сөйледі.
Гончаров Я.Ю. әлемде атом энергиясын пайдаланудың қолда бар мысалдарына терең салыстырмалы талдау жүргізді, уран ядросының бөлінуі арқылы электр энергиясын алудың әлсіз және күшті жақтарын анықтады. Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселелері мен мүмкіндіктерін қарастырды. Баяндамашы Workshop тыңдаушылары мен қонақтарының шынайы қызығушылығын тудырды, өйткені қазіргі уақытта бұл тақырып өте өзекті.
Содан кейін Воронеж жоғары технологиялар институтының доценті Ющенко Олеся Александровна семинар өткізді, онда ғылыми мақаланы қалай дұрыс дайындау, рәсімдеу және ЖАК-қа кіретін РИНЦ-тің ғылыми журналдарында жариялау керектігі айтылды.
Семинарда қатысушы профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер белсенді болды. Спикерлердің баяндамаларында қарастырылған тақырыптар талқыланды, ғылыми тақырыптар семинарға қатысқан қонақтардың қызығушылығын арттырды.