Студент жастардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесі тұрғысынан дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау саласындағы ынтымақтастықты орнату және бүкіл қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамыту мақсатында, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова мен Теміртау қаласының «Шаңырақ» волонтерлік орталығының басшысы Алена Юрьевна Хегай ағымды жылдың 29 қыркүйегі күні өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, қоғамға қызмет етуге бағытталған әлеуметтік волонтерлік жобаларды жүзеге асыру, волонтерлік қозғалысты кеңейту және ҚарИУ студенттерінің жаһандық жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Екі тарап та меморандумды жүзеге асырудың нақты қадамдарын әзірледі. Оның аясында волонтерлерді кәсіби даярлау және тегін оқыту жүйесін дамыту, студенттердің волонтерлік қызметін қалыптастыру және жетілдіру және волонтерлердің қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі волонтерлік бағдарламалар мен іс-шараларға қатысуын жүзеге асыру жоспарланды. Бірлескен білім беру онлайн және офлайн оқыту жобаларын жүзеге асыру, Теміртау қаласындағы іс-шараларды, соның ішінде волонтерлік лагерьлер мен тақырыптық бағдарламаларды бірлесіп ұйымдастыру және қатысу жүзеге асырылады.
Просмотров: 300